Сот шешімімен жабылған мейрамхана 150 адамға той өткізген
NewsRoom
Сот шешімімен жабылған мейрамхана 150 адамға той өткізген
Оралда сот шешімімен жабылған мейрамханада 150 адамға арналған той өткізілген. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Мерекелік шараға бас сұққан мониторингтік топты ғимаратқа кіргізбей қойыпты. Тек бір сағаттан кейін мекеме қызметкерлері артқы есікті ашып, үйлену тойына келген қонақтар оқиға орнынан бірден қаша жөнелген. Мейрамхана иесі, той ұйымдастырушысы, сондай-ақ асаба-музыканттар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оларға әкімшілік шара қолданылған.
https://youtu.be/ceS8Tsymzfs