Трамптың Тұңғыш Президентке жазған хаты жарияланды

13 Мамыр, 2019 667 0

NewsROOM+. АҚШ президенті Дональд Трамптың Назарбаевқа жазған хаты жарияланды.

«Сізді еліңіздің осы бір тарихи кезеңімен құттықтаймын. Отыз жылға жуық басқарудан кейін сіз ұзақ әрі жемісті жол қалдырдыңыз. Мен конституциялық транзит рәсімдерін орындау туралы шешіміңізді құптаймын» ,- деп жазылған хатта.

Сонымен қатар Трамп Елбасының өткен жылы Ақ үйге жасаған сапарын АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды қадамы болғанын айтты.

Тегтер: Назарбаев, Трамп, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.