Шошқа фермасы: өрескел заң бұзушылықтар анықталды
Шошқа фермасы: өрескел заң бұзушылықтар анықталды

"Ағынды суды тазартуға арналған жабдықтар жоқ, өзеннің қатты ластануы байқалады. Ағызу Байбақты өзенінің арнасына тазартусыз жүзеге асырылған. Топырақ сынамаларының химиялық талдауы алаңда ластаушы заттардың шаршы метріне 26 мыңнан астам концентрациясының артуын көрсетті. Сонымен қатар, 40 мың бас шошқаға арналған мал шаруашылығы кешенінде 51 мыңнан астам бас болған", - делінген хабарламада.Департамент анықталған экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпорынға қатысты 11 әкімшілік іс қозғады. Сондай-ақ, сұратылған мәліметтерді беруге кедергі келтіргені үшін 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Еске салайық, 19 қарашада Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Таралған видеоға қарағанда, тұрғындардың кәсіпорынды жабуды талап еткенін аңғаруға болады. Олардың айтуынша, шошқа қалдығы өзен суына ағып жатыр. Тағы бір видеодан жол талғамайтын көлік наразы топтан қашып, қақпаны қиратып өткенін көруге болады. Содан кейін Бестамаққа әкімдігінің экологтары, санэпидбақылау қызметкерлері шықты. Комиссия құрылып, оған ауыл тұрғындары да кірді, тексеру басталды.