БҚО-да «КамАЗ» өртеніп кетті

12 Мамыр, 2019 514 0


Батыс Қазақстан облысында "КамАЗ" автокөлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 14.22-де Бөрлі ауданында болды.

«Ақсай-Орынбор» жолының 11-шақырымында "КамАЗ" автокөлігінің салоны өртенді.

Оқиға орнына 26-өрт сөндіру бөлімінен 7 адам 1 техникамен барды.

"Тілсіз жау" өрт сөндірушілер барғанға дейін ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.



Фото: Корреспондент.net


Тегтер: камаз, өрт, батыс, қазақстан, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.