Дубайда берілген ауызашар Гиннес рекордын жаңартты

10 Маусым, 2018 1549 0

Ең ірі әрі ауқымды ауызашар Араб әмірлігінде берілді. Дубайда болып өткен ифтар әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енген деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кешкі асқа жайылған дастарханның ұзындығы алты километрді құраған.

Бұл қайырымдылық акциясын жергілікті полиция қызметкерлері ұйымдастырды. Олар Үндістан мен Шри-Ланкадан келген жұмысшыларды тамақтандыру үшін дастархан жайған. Ауызашарға 13 мыңнан аса адам келді.

Іс-шараға дайындық 200 сағат көлемінде жүрген. 500-ден астам ерікті дастархан жаюға көмектесті. Ауызашар тамағын 35 мейрамхана әзірледі.

 

Тегтер: дубай, ауызашар, шри-ланка, үндістан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.