Алматыда әйел күйеуін көлікпен қағып, өлтіріп қойды

11 Мамыр, 2019 595 0

NewsROOM+. Алматы қаласында орналасқан Алатау ауданындағы жекеменшік үйдің тұрғыны Merсedes көлігімен үй ауласынан шығуға талпынып, күйеуін қағып кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 


Көлігімен ауладан шықпақ болған әйел күйеуін қағып кетті. Ер адам ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. ЖКО шамамен сағат 22:30-да орын алған. 

Мәліметтер бойынша, "Алтын Алма" атты бақ шаруашылығы қоғамында орналасқан үйдің иесі көлігіне мініп кетіп қалғысы келген. Күйеуін қағып кеткен әйелдің сөзінше, ол өзінің жұбайына кесірін тигізуді ойлаған жоқ. Әйел көлікке мінгенде ол темір тұлпардың алдында отырған. Әйел газ бен тежеуішті шатастырып, кенеттен алдыға жүріп кеткенде ер адам дөңгелектердің астында қалып қойған.

Жағдайды түзеу үшін артқа жүруге талпынған жүргізуші күйеуін тағы да бір рет қағып кеткен екен. Ауыр жарақаттарды алған ер адам ауруханада көз жұмды. 


Тегтер: алматы, көлік, авария, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.