Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Қажы Талиға» Сайрамдағы түпнұсқасы сақталмаған кесене

"Қажы Талиға" Сайрамдағы түпнұсқасы сақталмаған кесене

«Қажы Талиға» Сайрамдағы түпнұсқасы сақталмаған кесене
ашық дереккөзі
 width= Сайрам қаласында тағы бір көрікті тарихи құндылықтың бірі - Қажы Талиға кесенесі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан. Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Осы кезге дейін кесененің бастапқы қалпы сақталмаған. Алғашқы оюлары жоғалған. Кесене көлемі 6400 х 6300 және биіктігі 7,2 м квадрат үлгісінде салынған. Қабырғалары гипсті қоспамен жасалған квадрат кірпіштермен қаланған. Кесененің барлық бұрыштарында доғал бағаналар бар. Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталған. Кесене күмбезбен көмкеріліп салынған. Күмбез біртүрлі кірпішпен қаланып, сырты 1,1м кішкене күмбездермен аяқталады. Барлық периметрлері бойынша кесенеде екі ағаштан жасалған сейсмопояс бекітілген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату