Сайрам ертеде ең ірі қалалардың бірі болған
Сайрам ертеде ең ірі қалалардың бірі болған

«Қаланың рабаты және бұқаралық мединасы болды. Ол жерде үсті жабық базар, маталар жәрмеңкесі, үлкен мешіт орналасқан. Мединенің төрт: Нуджакет, Фархан, Шахран және Бұқара қақпалары бар. Әр қақпалардың маңында: нахшебтер рабаты, бұхарлықтар рабаты, самарқандықтар рабаты және зираты мен базары бар Қаратегін рабаты. Бұдан да басқа қалада 1700 рабат бар деседі. Испиджаб-тамаша шекаралық бекініс. Айнала дуалмен қоршалған рабаттың ішінде ешкім тұрмайтын ішкі қамал-цитадель бар. Бұл жердің тұрғындары егін шықпай қалу дегенді білмейді. Жемістері үлкен болмағанымен шырынды әрі тәтті. Қала таза,бұл жердегі өмір жағымды»,-деп географ әл-Макдиси өз еңбегінде Испиджабтың үлкен қала екенін атап өтеді.