Сайрам ертеде ең ірі қалалардың бірі болған

Сайрам ертеде ең ірі қалалардың бірі болған

ашық дереккөзі

 width= Осыдан сегіз-он ғасыр бұрын Сайрамның ірі өңір болғанын көп адам біле бермейді. Ол қолөнершілер мекені, егіншілер ауылы және ондаған қалалары бар орталық болған. Қаланың құдіреті артып, астана болып күшейіп тұрған кезінде бұл өңірге Тараз, Отырар, Сауран, Түркістан секілді ірі қалалар кірген еді. Бізден бірнеше жүз жылдар бұрын өткен сол бір заманда Сайрамның атауы басқаша аталған. Ол кездегі аты-Испиджаб.

«Қаланың рабаты және бұқаралық мединасы болды. Ол жерде үсті жабық базар, маталар жәрмеңкесі, үлкен мешіт орналасқан. Мединенің төрт: Нуджакет, Фархан, Шахран және Бұқара қақпалары бар. Әр қақпалардың маңында: нахшебтер рабаты, бұхарлықтар рабаты, самарқандықтар рабаты және зираты мен базары бар Қаратегін рабаты. Бұдан да басқа қалада 1700 рабат бар деседі. Испиджаб-тамаша шекаралық бекініс. Айнала дуалмен қоршалған рабаттың ішінде ешкім тұрмайтын ішкі қамал-цитадель бар. Бұл жердің тұрғындары егін шықпай қалу дегенді білмейді. Жемістері үлкен болмағанымен шырынды әрі тәтті. Қала таза,бұл жердегі өмір жағымды»,-деп географ әл-Макдиси өз еңбегінде Испиджабтың үлкен қала екенін атап өтеді.

Жүктелуде...