Бау-бақшаға оранған Сайрам кенті

Бау-бақшаға оранған Сайрам кенті

ашық дереккөзі

 width= Шымкент қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде ну бау-бақшаға оранған Сайрам кенті орналасқан. Көшелерінде жағалай тізіліп бой түзеп өсіп тұрған терек ағаштары. Ал айналасы-жайқалған мақта плантациясы мен бидай алқаптары. Осыдан сегіз-он ғасыр бұрын Сайрамның ірі өңір болғанын көп адам біле бермейді. Ол қолөнершілер мекені, егіншілер ауылы және ондаған қалалары бар орталық болған. Қаланың құдіреті артып, астана болып күшейіп тұрған кезінде бұл өңірге Тараз, Отырар, Сауран, Түркістан секілді ірі қалалар кірген еді.

Жүктелуде...