weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сайрамдағы кесенелер

Сайрамдағы кесенелер

Сайрамдағы кесенелер
ашық дереккөзі
 width= Сайрамда басқа да ежелгі ескерткіштер, соның ішінде XVIII ғ. өмір сүрген құранды түркі тіліне аударған Қазидың кесенесі, XVIII-XIX ғғ. Мұнарасы және сақталмаған Қызыр әулиенің мешітіндегі қырық күндік ораза тұтатын жер астындағы тақуалар құжырасы бар. Алғашқы ислам дәуірінің тағы бір ескерткіші - Сайрамдағы Әбдел Әзізбаб кесенесі. Оның қазақша нұсқасы арабтардағы ер кісінің аты Абд ал-Азиз, яғни «Ұлы Тәңірінің құлы» деген ұғымды білдіреді. Абд ал-Азиздің өмірнамасы кейінірек шыққан авторы белгісіз «Рисаля» шығармасында келтірілген, мұнда ол Мұхаммед пайғамбардың алғашқы ізбасарларының бірі есебінде сипатталады. Аңыз бойынша Абд ал-Азиз Қ.А. Яс-сауиден 300 жылдай бұрын өмір сүрген, бұл ислам дінінің осы аймақта орнығуымен сәикес келеді. 1860 ж. соңында қазіргі ғимарат салынған. 1989 ж. сазды түзімдер арасында қазылған бірнеше тар ұзын жайлардан тұратын жерасты ғимараты табылды. Атақты археолог К.М.Байпақовтың пікірінше, бұл жер астындағы буддалық монастырь болуы мүмкін.