Сайрамда бидай өндірілгенін білесіз бе?

Сайрамда бидай өндірілгенін білесіз бе?

ашық дереккөзі

 width= 1867 жылдан бастап Шымкент, Шымкент сырдария облысының уездік қаласына айналды. Шымкенттің шаруашылық сипаттамасы Түркістан өлкесі бойынша жолсілтемеде (1901) берілген.

«Ол Ташкентті Сайрам бидайымен, таза сиыр сүтімен жабдықтайды. Еділ бойындағы шұға тоқу фабрикалары одан жүн, ал шетелдік зауыттар тері, шұжық және аспап шеберлері ішектер алады. Қаланың жылқы саудасымен даңқы шыққан» деп көрсетілген.
ХХ ғасырдың басында Шымкентте 3 май шығарғыш, 5 тері зауыты, 15 кішігірім кірпіш зауыты, 26 диірмен болған. 1885 жылы салынған сантонин зауыты ірі өнеркәсіп орны болған (қазір «Химфарм» ААҚ), олардан басқа 4 мақта тазалайтын өндіріс, 15 ұстахана, 15 сабын қайнататын өндіріс ошағы болған. 1915 жылы Жетісу теміржолының Арыс-Шымкент учаскесі пайдалануға берілген. 1914 жылы қыркүйекте сенаттың бұйрығымен Шымкентке Черняев аты берілген. Дегенмен, 1921 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылады.

Жүктелуде...