weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сайрамды жаудан азат еткен Тәуекел хан

Сайрамды жаудан азат еткен Тәуекел хан

Сайрамды жаудан азат еткен Тәуекел хан
ашық дереккөзі
 width= XV ғасырдың бірінші ширегінде оңтүстік-батыс Қазақстанның аумағында Әбілқайыр хан бастаған «Көшпелі өзбектердің хандығы» пайда болды. Хандықтың ордасы Сығанақ қаласы еді. Бірақ, XV ғасырдың екінші жартысында пайда болған Қазақ хандығы Сырдария жағалауларындағы, Арыс өзенінің бассейніндегі жерлерді басып алуға ұмтылды. Бірнеше ғасыр бойына бұл аймақ Қазақ (Жошы тұқымы) және Өзбек (Шайбани тұқымы) хандарының арасындағы күрес сахнасына айналды. XVI ғасырдың басында өлке қазақ ханы Қасымның иелігінде болды. Одан соң Ташкент билеушісі Баба Сұлтанның, кейінірек Бұхара билеушісі Абдаллахтың қол астына көшеді. 1597-1598 жылдары қазақтың ханы Тәуекел Абдаллахтың әскерін талқандап, Ташкент, Самарқан, Сайрам, Түркістан қалаларын өзіне қаратты. Оның тұсында бұл жерлердің барлығы қазақ хандығының құрамына ендірілді де, астана ежелгі Яссыға көшірілді.