Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Ақ өзендегі қала» - Сайрам

«Ақ өзендегі қала» - Сайрам

«Ақ өзендегі қала» - Сайрам
ашық дереккөзі
 width=

Орта ғасырдың ерте кезеңінде қазіргі Оңтүстік Қазақстанның территориясын әсем көркімен безендірген қалалар салына бастады. Солардың бірі қазіргі Шымкент қаласынан 8 шықырымдай жерде «Ақ өзендегі қала» - Исфиджаб (Сайрам). VІІ ғасырда-ақ «Ақ өзендегі қала» Ұлы Жібек жолы өтетін қалалардың қатарында болды. Ал, Отырар (Фараб), Тараз, т.б. қалалар VІІ-ІХ ғасырларда осы жолдың бойындағы ірі сауда орталықтары болатын. Сондай-ақ тарихи деректер осы кезеңдерде Сырдарияға жақын Шауғар (Түркістан) және Газгрид, Шараб, Бұрұхкент, Тамтаунде, Абаржадне қалаларының болғанын көрсетеді.

ІХ ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан территориясында қалалардың қарқынды өскені байқалады. Әсіресе, Отырар қаласының аты мәшһүр бола бастады. Жазба деректер және археологиялық қазбалар оның тарихы, тіршілігі және ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы күйреуі туралы құнды деректер береді.

Өлкедегі ортағасырлық қалалардың қатарына Арсубаникет қаласы кіреді. Ол қазіргі Көлтоған селосына жақын жерде орналасқан. Ерте заманнан-ақ танымал болған қалалардың бірі - Түркістан (көне атауы Шавгар). Жазба деректер бойынша ескі қаланың орны Отырардан Сырдарияға баратын тұста бір күнді жер болса керек. Ол қазіргі Түркістан қаласының маңын тұспалдайды.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шавгар қаласы өзінің сауда-саттық, мәдени ортасынан айырыла бастайды да, қаланың орталығы Яссыға қарай ойыса бастайды.
Қазіргі Түркістан қаласынан 30 шақырымдай қашықтықта орта ғасырлық ірі қала - Сауранның қираған орны жатыр. Қаланың өмір сүрген уақыты ХІ-ХІІІ ғасырдардың еншісіне тиесілі.

Осы тұста Қазақстанның мәдениеті, қала құрылысы, қол өнері мен керуен саудасы дамыған өлкесі оңтүстік өңірі болды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату