Алматыда автобус кілт тоқтап, зейнеткер аяғын сындырып алды

11 Мамыр, 2019 433 0

Алматыда №405 маршрутында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шегушіге денсаулығына зиян келтірілгені үшін өтемақы төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған newsroom.kz.

«Досжан- М» көлік компаниясы басшылығының айтуынша, автопарк Айжан Кәрменоваға сақтандыруды күтпестен, медициналық және сауықтыру қызметтерінің ақысын төлейді. «Сондай-ақ, автобус жүргізушісі 2 бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оған сәйкес жүргізуші куәлігінен айырылады және 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Толықтай айып сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша тағылады. Әзірге Кәрменованы отаға дайындап жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің мобильділік басқармасынан. Еске салайық, 6 мамырда №405 маршруттың жүргізушісі көлікті кілт тоқтатып, соның салдарынан зейнеткер Айжан Кәрменованың үстіне автобус салонының жолаушылары құлаған еді. Әйелдің аяғы сынды.




Тегтер: зейнеткер, алматы, автобус, оқиға, жазым

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.