Қазақстандық сержант өзін өлімге тігіп, суға кеткен қызды құтқарды

11 Мамыр, 2019 1087 0

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елордада Есіл өзеніне батқан 12 жасар қызды құтқарған жігіттің кім екендігі белгілі болды, деп хабарлдайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған newsroom.kz.

Батырдың есімі - Ерлан Райымқұлов.»Есіл өзенінде қызды ажалдан аман алып қалып, өзі суға кеткен жігіт Әуе қорғаныс күштерінің 47762 әскери бөлімінің сержанты Ерлан Райымқұлов. Оның артында әйелі мен екі ұлы қалды», -деп жазды facebook-те Erzhan Bagdatov. Еске сала кетсек, «10 мамыр күні сағат 12-10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті. 





Тегтер: қазақстан, сержант, әскер, орталық, ержан, бағдатов

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.