«Қарашаш ананың» Сайрамда өмір сүргенін білесіз бе?

«Қарашаш ананың» Сайрамда өмір сүргенін білесіз бе?

ашық дереккөзі

 width= «Қарашаш ана» - Сайрам ауданы Сайрам ауылында орналасқан тарихи кесене. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет яссауи шешесінің мазарында құрылған. 19 ғасырда қайта жаңғырған. Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол Сайрамдағы атақты Мұса шейхтің қызы болған. Қарашаш Ана сол уақыттағы әйелдердің ең білімді, тәрбиелісі болған тұғын. Бай және әулетті отбасыдан шыққан Қарашаш ана жаман мінезді болмаған, ешқашан өзін менменшіл, мақтаншақ ұстаған емес. Ол адамдарды емдеп, олардың түстерін болжай алған. Атақты Қарашаш ана көп уақытын өз балаларының тәрбиесіне ғана емес, көмек қажет адамдарға қол ұшын созуға бөлген. Осылайша ол өз ауылына өзінің аналық қасиетімен танымал да сыйлы бола алды. Аңыз бойынша, сол уақыттағы күмбездің басына Айша бибінің қара шашының бір талы ілінген тұғын, алайда ол кейін жоғалып кетті.

Жүктелуде...