Сайрам ауылының көркі - "Абділ Әзіз" кесенесі

Сайрам ауылының көркі - "Абділ Әзіз" кесенесі

ашық дереккөзі

 width= Сайрамда тоғызыншы ғасырда салынған, Қожа Ахмет Ясауидың «Рисала» атты бізге қолжазба күйінде жеткен кітабында Абд ул-Әзиз баб Мұхаммед пайғамбар бастаған ислам жолына түскен алғашқы кісілердің бірі екендігі айтылады. Оны есімінің соңына қосылған «баб» сөзі де байқатады. Абд ул-Әзиз Сайрамдағы Ибрахим атамен және Отырардағы Арыстан бабпен аталас. Күмбез XVI ғасырда қалпына келтірілген. Оны қайта салдырған қазақ ханы Наурызахмет деген мәліметтер бар. Бұл күмбез Сайрамдағы ең үлкен кешен саналады, ол ортағасырлық сәулет дәстүрінде салынған. Төрт бұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған күмбезді кешен үш бөлмеден тұрады. Кірер аузы текшеленіп, аркамен тізілген, екі жақ босағасына бағаналар орнатылған. Кешенді жөндеуден өткізген құрылысшылар күмбездің бастапқы жобасын сақтауға тырысқан.

Жүктелуде...