Жаңалықтар

Сайрамда Ахмет Саманий атымен теңгелер жасалған

Сайрамда Ахмет Саманий атымен теңгелер жасалған

 width= 919-920 жылдары Исфижапта Ахмет Саманий атымен теңгелер болғаны мәлім. Сайрамның орта ғасырда да үлкен және әсем болғадығын Қазақ ССР тарихының І-том, 355-бетіндегі мына сөздер дәлелдейді. Тарихи деректерге қарай Тараз және Исфижап қалаларының аймағы Самарқанд пен Шаш қалаларының көлемінен кем болмаған. Қала аумағы - 10 лиге тең еді. Қалада қолөнер-теміршілік, құйма-балқытушылық, құмыра балқытушылық дамыған. Бұл жерде найза, пышақ, шанышқылар, қылыш, күрек, қалқандар, қақпандар жасалған. Арап тарихшысы Мақдисий Хғ. Қарахан дәуіріндегі сауда- саттық жөнінде былай жазады. Шаштан ешкі және қой терісіне жасалған егерлег, оқ салғыш алып шығар еді. Ферғана және Исфижап түріктерінен ақ мата, құралдар, қылыш, мыс, темір бұйымдары шығарылып сатылар еді.