Ежелгі Сайрамда «Шахристан» болған ба?

Ежелгі Сайрамда «Шахристан» болған ба?

ашық дереккөзі

 width= Ежелгі Сайрам қаласында Шахристан болған. Орта Азия қалаларындағыдай, Исфиджап орталығында да дуалмен өрілген Шахристан болған. Онда қала әкімдері, дінбасылары, олардың қызметшілері, отбасылары тұрған. Жер асты ұралар қазылған . Шахристаннан екі-үш шақырым қашықтықта екінші дуал қоршап тұрған. Қаланың бұл бөлігінде тұратындар әскербасылар, байлар, молдалар, орташа басшылар және басқалар Шахристанға қызмен еткен. Қаланың үшінші дуалы Цитадельде егінжайлар, баулар қоралар, аулалар, диқан мен шаруалардың тұрар жайлары орналасқан . Үшінші дуал 5-8 шақырым жерден өткен. Ал төртінші 40- есікті дуал 50-60 шақырымға созылған. “Ескі Сайрам қаласы өте үлкен қала болған, Қырық есігі бар дарбазасы болған”. Тарихшы Әл-Мақдисийдің жазыуынша “Исфиджапта ІХ ғасырдың ортасында өзінің теңге жасап шығаратын ұстаханасы болған”.

Жүктелуде...