Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген №2 секторда сенбілік өтті
Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген №2 секторда сенбілік өтті

Көшет отырғызу жұмыстарынан соң жауапты мамандарымыз су ұңғымасын қазуға кіріспек. Сонымен қатар, көшеттерді суғару жүйесі жүргізіліп, газон егілетін болады. Жауапты сала басшылары көгалдандыру жұмыстарының басы-қасында жүр, – деді Ұ.Сәдібеков.Айта кетейік, бүгінгі сенбілік нәтижесінде Ақан сері көшесінде – 500 түп терек көшеті, Қабанбай батыр көшесінде – 500 қара тал көшеті, Жібек жолы көшесінде – 200 түп можевельник көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, көшет егу орындарын тегістеу мақсатында 400 куб топырақ тасымалданып, белгіленген аумақ тегістелді. Жалпы,сенбілік жұмыстарына 8 техника жұмылдырылды.