Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген №2 секторда сенбілік өтті

Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген №2 секторда сенбілік өтті

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген №2 секторда сенбілік өтті. Түркістан облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов Жібек жолы көшесін аралап, аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен көгалдандыру жұмыстарының алдағы жоспарымен танысты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көшет отырғызу жұмыстарынан соң жауапты мамандарымыз су ұңғымасын қазуға кіріспек. Сонымен қатар, көшеттерді суғару жүйесі жүргізіліп, газон егілетін болады. Жауапты сала басшылары көгалдандыру жұмыстарының басы-қасында жүр, – деді Ұ.Сәдібеков.
Айта кетейік, бүгінгі сенбілік нәтижесінде Ақан сері көшесінде – 500 түп терек көшеті, Қабанбай батыр көшесінде – 500 қара тал көшеті, Жібек жолы көшесінде – 200 түп можевельник көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, көшет егу орындарын тегістеу мақсатында 400 куб топырақ тасымалданып, белгіленген аумақ тегістелді. Жалпы,сенбілік жұмыстарына 8 техника жұмылдырылды.

Жүктелуде...