Сайрам ауданы қарқынды бау шаруашылығын дамытуда үздік атанды

Сайрам ауданы қарқынды бау шаруашылығын дамытуда үздік атанды

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысындағы жалпы өңірлік өнімінің 20%-ын агроөнеркәсіп кешені құрайды. Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласында өткен «ALTYN KÙZ – 2020» іс-шарасында Сайрам ауданы бірқатар салада үздік атанып, жалпы ауыл шаруашылығы саласында үздік үштікке енді  «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсiбi қызметкерлерi күнi» кәсіби мерекесіне орай өткен қорытынды жиында Сайрам Ауданы үшінші орынды иемденді, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтті. Президент азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту міндеттерін қойды. 2020 жылы аталған міндеттерді орындау мақсатында Түркістан облысы аграрлық саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аграрлық салада түрлі бағытта озаттар танылған жиында Сайрам ауданы жеміс жидек, қарқынды бау шаруашылығын дамытуда, ет өнімдерін өндіруден және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаудан көш бастады. Айта кетейік, өңірдің аграрлық саласында І орынды Казығұрт ауданы иеленіп, ал ІІ орынға Отырар ауданы жайғасты.

Жүктелуде...