Жасөспірімді қауіп-қатерден қоғам болып қорғау – аса жауапты іс

Жасөспірімді қауіп-қатерден қоғам болып қорғау – аса жауапты іс

ашық дереккөзі

 width= Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлының төрағалығымен онлайн режимінде Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Комиссия отырысында кәмелетке толмаған балалар арасында өзіне-өзі қол салу фактілерін алдын-алу және аутодеструктивті мінез-құлқына ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау жайы сөз болды. Сондай-ақ, оларға қатысты құқық бұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын-алу, заңсыз еңбекке жегілуі талқыға түсіп, осы бағытта атқарылған жұмыс барысы талданды. Маңызды жиынға ҚР Білім және ғылым министірілігінің өкілі М.Несипбаев, Түркістан облысының кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы М.Қырықбаев, аудандық полиция басқармасы, аудандық бөлім басшылары, аудандық білім бөліміне қарасты мектеп директорлары және республикалық «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығының директоры Гулжан Вероцская қатысты.

Жүктелуде...