Брифинг өтті

Брифинг өтті

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Сайрам ауданындағы жылу маусымына дайындық және аудан тұрғындарын сапалы электр жарығы, ауыз су, табиғи газбен қамту тақырыбында брифинг өтті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ақсукент ауылы Абылайхан көшесінің су құбыры жүйесіне орташа жөндеу, М.Оразалиев елді мекенінің су құбыры желісін ауыстыру және жөндеу, Манкент ауылының Сайрам жол көшесінің ауыз су жүйесіне кезекті жөндеу, Қожақорған елді мекенінде орналасқан су мұнарасына ағымдағы орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6500-ге жуық тұрғын тұрақты ауыз сумен қамтылды. Табиғи газбен қамтылмаған 23 елді мекені іске қосылған «Жаңақоғам» №20 АГТС-ы нысаны арқылы газбен қамтамасыз етілетін болады. «Жаңақоғам» АГТС (Автоматтандырылған газ тарату станциясының) нысанын барлық кемшіліктер жойылып, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жоғары қысымды магистральды құбырына қосу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда тасымалдаушы мекемелердің келісімі күтілуде.

Жүктелуде...