Президент сайлауына 20 мың тәуелсіз байқаушы дайындалуда

08 Мамыр, 2019 496 0

NewsROOM+. Елімізде 9 маусым күні өтетін президент сайлауына байқаушыларды дайындайтын тренигтер өткізіле бастады. Тренигтерде шамамен 20 мың тәуелсіз байқаушыны оқыту көзделген. 

Сайлау процесін жасы 18-ге толған кез келген азамат бақылай алады. Ол үшін тек штабқа хабарласып, өтінім тастауыңыз керек. 

«Аманат» азаматтық тұғырнамасы бүгін байқаушыларды дайындайтын капитандарды даярлықтан өткізуге арналған бірінші семинарды бастайды. Бүгін біз ниет танытқан шамамен 30 байқаушыны оқытамыз. Сайлау күні ел аумағында 10 мың учаске жұмыс істейтін болады. Әр учаскені бір-бірін алмастырып отыратын 2 байқаушымен қамтамасыз етуді көздейміз. Осылайша, шамамен 20 мың байқаушыны дайындауды жоспарлап отырмыз», - деді «Аманат» азаматтық тұғырнамасы штабының мүшесі Мұсағали Дуамбеков.

Тегтер: сайлау, президент, 2019

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.