Ауыл әкімдігінің кеңсесі адалдық алаңына айналады

Ауыл әкімдігінің кеңсесі адалдық алаңына айналады

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген болатын. Президент "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған бір жыл көлемінде Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару перспективалары жүйелі түрде жолға қойылды. Ауыл округіндегі осы үрдісті аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков апталық жиын барысында басқа ауыл округтеріне азаматтық қоғамды дамытудың үлгісі ретінде атап өткен болатын. – Әр ауыл округінің әкімі Қарамұрт ауылдық округіндегі әдіспен жұмыс істеп, ел ішіндегі өзекті мәселерді жергілікті билік өкілдерімен қатар жүріп, оның шешімін табуға жұмылуы қажет. Ауыл әкімдері сол азаматтардың ортасында жүріп, кез келген ауыл тұрғыны еркін сөйлесе алатындай жағдай жасаса, нағыз "Ашық әкімдікке" айналады, – деген болатын. Жергілікті өзін-өзі басқару тетігі жүйеленген ауыл округінің әкімі үшін ауыл тұрғындарымен ашық байланыс орнату М.Нажиевке қиын болмады. Ол кеңсенің екінші қабатындағы жеке кабинетін ақсақалдар кеңесіне тапсырып, өзі бірінші қабатқа жайғасты. Бірінші қабатта жеке қабылдауға жазылған азаматтар үшін арнайы кабинет бар. Сондай-ақ, Мамыржан Нажиев ауыл әкімі аппаратының жұмысын 6 маманымен бірге жалғастырады. – Ауыл тұрғыны алғашқы есіктен кіргеннен-ақ қызмет көрсетіле бастайды. Ресепшнде оның мәселесіне қарай бағыт береді. Егер ол сайт арқылы өзіне өзі қызмет көрсетпек болса, арнайы әзірленген орынға жайғасып, ҚР Электронды үкімет қызметін пайдаланады. Ал басқа мәселе бойынша ауыл әкіміне айтар арыз-шағымы, ұсыныс-тілегі болса, бас мамандар отырған жерде тыңдап, тез арада қолға алуға жұмыс істемекпіз, – деді ауыл әкімі М.Нажиев. Ауыл әкімінің айтуынша, тұрғындарымен байланысудың бұл әдісі – "Адалдық алаңы" ретінде жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Әрі қол астындағы қызметкерлердің халықпен етене жақын араласып, ізетті түрде қызмет көрсетуіне тиімді. Бүгін Қарамұрт ауылдық округі әкім аппаратының кеңсесіндегі өзгерістерді аудан әкімі Ұ.Сәдібеков және аудандық Прокуратураның прокуроры Оразәлі Абдраманов аралап, жұмыс барысымен танысты.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жүктелуде...