Қазақстандықтар 2021 жылы неше күн демалады?
Қазақстандықтар 2021 жылы неше күн демалады?
Келесі жылы бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 120 күн, алты күндік жұмыс істейтіндер 68 күн демалады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылға арналған өндірістік күнтізбені жариялады.
Қазақстандықтар қаңтарда 4 күн демалады: 1, 2 қаңтарда Жаңа жылды тойлауға (2 қаңтар сенбіге түсетіндіктен, демалыс 4 қаңтарға ауыстырылады) және 7 қаңтарда православиелік Рождество атап өтіледі.
Ең ұзақ демалыс көктемге келеді - демалыс күндерінің саны мерекелермен бірге қосқанда 33 күн.
Наурыз айында қазақстандықтар екі мереке: 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз аралығында атап өтілетін Наурыз - 12 күн демалыс. Наурыздың бірінші күні жексенбіге түсетіндіктен, демалыс 24 наурызға ауыстырылады.
Мамыр айында Қазақстан үш мемлекеттік мерекені атап өтеді: 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңіс күні.
Екі мереке демалыс күндеріне түсетіндіктен, 1 мамыр сенбіден 3 мамыр дүйсенбіге дейін және 9 мамыр жексенбіден 10 мамыр дүйсенбіге дейін. Демек мамыр айында екі демалыс және мереке күндерін ескере отырып, қазақстандықтар 13 күн демалады.
Шілде айында екі мереке бар: мемлекеттік және діни. Астана күні (6 шілде) сейсенбіге келеді, бірақ мұнда демалысты ауыстырылады — 3 шілде (сенбі) жұмыс күні болып тағайындалды.
Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады — 4, 5 және 6 шілде.
Құрбан айтты 2021 жылы мұсылмандар 20 шілдеде атап өтеді.
Тамыз айында 30-да Конституция күні атап өтіледі. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн — 28, 29 және 30 тамызда демала алады.
Желтоқсан айында қазақстандықтар 1 желтоқсанда (Тұңғыш Президент күні), 16 және 17 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) демалады.
Бес күндік жұмыс аптасын ескере отырып, қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады — 16, 17, 18 және 19 Желтоқсанда, 20-күні жұмысқа шығады.
Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер қатарында: - Жаңа жыл - 1-2 қаңтар; - 7 қаңтар - православиелік Рождество; - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; - Наурыз мейрамы-21-23 наурыз; - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; - 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні; - 9 мамыр - Жеңіс күні; - Астана күні 6 шілде; - Құрбан айттың бірінші күні (2021 жылы 20 шілде); - Конституция күні - 30 тамыз; - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні -1 желтоқсан; - Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.