Сайрам ауданы: жазба деректер сөйлесін

Сайрам ауданы: жазба деректер сөйлесін

ашық дереккөзі

 width= Сайрам – Исфижа жазба деректерде ҮІІ ғ. бас.кезінде Сюань-Цяньның сапарнамасында ел “Ақ өзендегі қала” деген атаумен еске алынған . Кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғ. деректерінде “Сайрам –Исфижап аталып жүрген және Ақ қаланың атауы болған. Исфижап – аталуы соғды тілінде “Ақ –су” мағынасын білдіреді деген де пікір бар. Исфижап қаласына осы обылыстың барлық жер –суы Шығыста Талас – Шуға дейін, Солтүстік – батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатыр . Исфиап округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын Қаратаудың Солтүстік бөктеріндегі Барадн мен Беруней қалаларын Жетісудың Тараз , Қулан, Мирки, Суяб қалаларын қамтыды .

Ал тарихшы Ал- Мақдисий былай жазады: «Хорасан , Сижистан Мауренахрды Әбу- Сайд үш белдеуге бөлген. Біз бір белдеуді ортасынан Жайхун (Амудария) дариясы бөліп тұрған екі жаққа бөлдік . Бұны тағы алты аймақ, төрт өлкеге бөлдік. Бірінші, күншығар жерге жақын және түріктер шекарасына жайғасқан Ферғана, Исфижап , ең үлкен қала Ашрусан, Бұхара еді. Бірақ Исфижап ең үлкен қала астана болып қалды», деп жазады.

Жүктелуде...