Президенттікке кандидаттар ашық телепікірталас өткізе ме

08 Мамыр, 2019 522 0

NewsROOM+. ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидаттар арасында телевизиялық ашық пікірталас өткізу мүмкіндіктерін қарастыруда, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

 «Президенттікке кандидаттар, оларды ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы мұндай мүмкіндікті пысықтауда», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет сайлау алдындағы үгіт жүргізу 2019 жылғы 5 мамырда сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей хабарландырылуы және жариялануы тиіс. Сондай-ақ ОСК-ға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынылуы қажет. Қазіргі уақытта ОСК-ға БАҚ-тан 139 ақпараттық хабар келіп түсті, барлық хабарлар ОСК сайтында орналастырылған.

«Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспа алаңын беру туралы шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа, саяси партияға басымдық туғызбауы тиіс. Кандидаттардың біріне берілген эфир уақытын, баспа алаңын бөлуге келісім беру өзге де кандидаттарға эфир уақытын, баспа алаңын бөлуге келісім беру болып табылады. Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуінің кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді», - деді К.Петров. 

Төраға орынбасарының айтуынша, кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті бар ақпарат көзін қамтуы тиіс. Атап айтқанда, баспасөз басылымдары мен теле-радиохабарлар. Президенттікке кандидаттар бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт материалдарын ұсынған кезде олардың Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге қажет. 

Дереккөз: hola news

Тегтер: президент, сайлау, 2019, кандидант

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.