Ұлан-Батырда қазақ генералы Мүдәріс Зайсановты еске алды

08 Мамыр, 2019 995 0

NewsROOM+. 7 мамырда Ұланбатыр қаласында Қазақстан Елшілігі қалыптасқан дәстүрге сай Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай және Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоғын қою рәсімін өткізді. 

Гүл қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолияның Бас мүфтиі Батырбек Хадыс, Ұлан-Батырдағы «Жерлестер» қазақ ұйымының төрағасы Тілеухан Нәжікейұлы, «МИАТ» әуекомпаниясының ұшқышы, экипаж командирі Әуез Тәштуанұлы және басқа да қоғам белсенділері қатысты. 

Мүдәріс Зайсанов - Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарған қазақ азаматы, генерал-майор. 1910 жылы Зайсан өңірінде туылып, 1920 жылдары Монғолияға қоныс аударған. 1932 жылы Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын училищені тәмамдаған. Халхин-Гол шайқасы кезіндегі ерліктері үшін Моңғолияның және Кеңес Одағының «Қызыл ту» орденімен марапатталып, 1944 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Зайсанов 57 жасында Ұланбатырда дүние салды.

Тегтер: МүдәрісЗайсанов, ұшқыш, соғыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.