300 адам жұмбақ дертпен ауруханаға түсті
300 адам жұмбақ дертпен ауруханаға түсті

«Ауырған адамдар, әсіресе балалар, көзінің күйдіріп бара жатқанын айтқаннан кейін кенеттен құса бастады. Кейбірі есінен танып, ұстамалар басталды», – дейді аурухана өкілі.Штат билігі судың немесе ауаның ластануы «жұмбақ дерттің» себебі болуы мүмкін екенін жоққа шығарып отыр. Өйткені адамдар ауырған аудандарға арнайы мамандар барып, су үлгілерін тексерген. Су құрамынан ешбір залалды заттар анықталмапты. The Times of India басылымының дерегінше, бұл аурудан бір адам көз жұмған. Елдегі оппозиция өкілдері оқиғаға зерттеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың пікірінше, жұмбақ ауруға инфекция себеп болуы мүмкін.