UFC басшысы Хабибтің үлкен спортқа оралғанын қалайды
UFC басшысы Хабибтің үлкен спортқа оралғанын қалайды

«Бұл тек Йоэлге ғана қатысты емес. Жыл соңында бізді көптеген қысқарту күтіп тұр. Келесі жылдың басында біз 60 спортшыны ұйымнан шығарамыз. Мәселен Ромеро өзінің соңғы бес жекпе-жегінің төртеуінде жеңіліске ұшырады, ол 43 жаста, ал біздің тізім тым ұзақ. Сонымен, үлкен тазарту міндетті түрде болады, алдағы бірнеше аптада көптеген есімдерді естисіздер. Бұл шешімді қабылдау қиынға соқты, бірақ солай болуға тиіс», - деді Уайт баспасөз мәслихатында.Бұған дейін функционер ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесуге ниетті екенін растады. Әңгіме Хабибтің оралуы туралы болмақ.