Дональд Трамп сайлауда жеңуі мүмкін бе?
Дональд Трамп сайлауда жеңуі мүмкін бе?

"Біз бұл сайлауда жеңеміз", - деді ол Джорджиядағы жақтастарының алдында сөйлегенде.Ол тағы да демократтарға сайлауда бұрмалау жасады деген айып тақты.
"Барлық штатта жүз мыңдаған заңсыз дауыс берілген", - деді Ақ үй басшысы.Сондай-ақ Трамп Джорджия штатында сайлауды талқылау үшін жергілікті заңнамалық жиын өткізуге шақырды. Президент бұл штатта сайлаушылардың пошта арқылы жіберген дауыс бюллетендерін тексерсе, "оңай және тез" жеңетініне сенімді.