Ақтөбелік жігіт емханада дәрігерді пышақтап кетті

10 Маусым, 2018 1048 0

7 маусым күні Ақтөбедегі «Отбасылық емханада»  ер адам дәрігерді пышақтап кетті деп жазады Диапазон.

Жігіт дәрігер бөлмесіне кіргеннен кейін дәрігерге пышақ сұғып алған. Ақ халатты өзінің өміріне қауіп төніп тұрғаны айтып айқайлап, сыртқа жанталасып шығып үлгереді.

«Бөлмені дереу сырттан кілттеп, полиция келгенше ер адамды шығармаған. Дәрігер ауруханаға жеткізілді. Құдай сақтап аман қалды. Пышақ 1 сантиметр тереңдесе өліп кетер еді. Хирургиялық операция жасалды. Бірақ жақын арада сауығып кетеді деп айту қиын», – дейді Ақтөбе қаласының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнәр Мамбетжанова.

Бұл оқиғаға байланысты жергілікті полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдікті «ешқайда кетпеу» туралы қолхатпен әзірге босап шықты.

 

Тегтер: дәрігер, ақтөбе, пышақ, хирург

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.