Жаңалықтар

Өзбекстан әскері бір жылда 27% қаруын жаңартқан

Өзбекстан әскері бір жылда 27% қаруын жаңартқан

 width= Өзбекстан әскері соңғы бір жылда 27% қаруын жаңартқан. Бұл туралы 3-желтоқсанда Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. "Соңғы жылдары әскерді жаңа қарумен, әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды іске асуда. Қазіргі уақытта 27% қаруды жаңартып үлгердік", - дейді баспасөз қызметі. Өзбекстан қорғаныс министрлігі мемлекеттің қауіпсіздігін арттыру мақсатында, жаңа қару түрлерін сатып алу мен ішкі өндірісті арттыра беретінін мәлімдеді. Асхат ҚАСЕНҒАЛИ