Назарбаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

06 Мамыр, 2019 569 0

NewsROOM+. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Ресей халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», - делінген жеделхатта.

Кеше Ресейдің Шереметьево әуежайында ұшақ апаты орын алды. Өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі ғана аман қалды. 41 жолаушы қаза тапты.

ҚР СІМ зардап шеккен және құрбан болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Мамин апатқа байланысты көңіл айтты. 

Тегтер: назарбаев, путин, жолдама

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.