13 қалаға ауыл мәртебесі берілді

13 қалаға ауыл мәртебесі берілді

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты: «Енгізілген түзетудің ұтымды тұстарының бірі қала мәртебесінен ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда сонда тұратын азаматтар ауыл тұрғындары үшін заңдармен қарастырылған мемлекеттік әлеуметтік қолдауларға қол жеткізеді. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қызметкерлерінің жалақысына жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 25%-дан кем емес үстемақы қосылады».Бұдан бөлек, тұрғындар коммуналдық төлемдерге, қызметтік тұрғын үйлерге, «Дипломмен ауылға», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша кәсіптік білім алуға, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қатысты бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алады. Сенаттың жалпы отырысында бұл заң бір ауыздан қабылданды. https://youtu.be/xMzyKqVQNPY