"Анамның қолында тұрамын": Президенттікке үміткер әлі күнге дейін басында үй жоқ екенін айтты

06 Мамыр, 2019 2013 0

NewsROOM+. Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков жеке басында қандай жылжымайтын мүліктердің бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Алматыдан келген соң "Лесозавод" деген жерде пәтер жалдап тұрдым. Парламентте партиямыз 7 мандат алып, депутат сайланған соң қызметтік үйде анамның қолында тұрып жатырмын. Өзіміз жеті адамбыз. Жеке басымда әлі үй жоқ", - деп айтты кандидат. 

Ахметбеков басында тек көлік тіркелгенін атап өтті. 

"Жұбайым - мұғалім. 8 жыл болып қалды кейін сатып алу үшін 
мемлекеттік бағдаралмамен жалдамалы пәтер алдық. Ай сайын ақшасын төлейміз. Біздің атымызға өту үшін біраз төлеуіміз керек. 
Toyota Camry 10 деп аталатын машина болатын, оны сатып кредитке басқа машина алдым. Үш жыл несиесін төледім. Бизнес, пәтер, жылжымайтын мүлік, автокөлік тіркелген жоқ. Оны алуға алда мүмкіншілігім де жоқ. Отбасымда 1 кредит және балаларыма үй қажет болады деп жалақымыздан ай сайын ТҮҚЖБ-ға салып отырмыз. 3 миллиондай ақша жиналып қалды", - деп айтты Ахметбеков брифингте.

Кандидат осымен екінші рет сайлауға қатысқалы отыр.  

"2011 жылы сайлауға араластым. Жұртқа танылу үшін кейбір технологияларды қолданып, каратэмен, шығыс жекпе-жегімен айналысатынымды, музыкаға, өнерге жақын екенімді, ауылдан шыққанымды, бәрін көрсетіп үлгердім. Енді жаңа науқанда мұны қажет деп санамаймын. Ал қазір саяси талас басқа түрде, яғни әлеуметтік мәселеге, халықтың әл-ауқатын жоғарылату мәселесіне көп көңіл аударылатын болғандықтан, алдыңғы мәселені қолданбаймыз", - деп айтты ол. 

Ахметбеков өзі түсіп отырған партияға кейбір қазақстандықтардың қарсы екенін жасырмады. 

"Әрине, қоғам біздің партияға қарсы болып отырған технологиялар жеткілікті. Бұрынғы коммунистік идеологияны бұрмалап, коммунистік тәжірибе екеуін шатастырады. Коммунистік тәжірибенің қара тұстарын қабылдамаймыз. Ашаршылыққа әкелу, қуғын-сүргінге ұшырату секілді қара дақтар өте көп. Оны біз қабылдамаймыз.

Партия құрылғанда халықтық партия деген атпен коммунистік идеологияны халықтың жағдайы, өмір сүруі жақсарса екен, ауыл шаруашылығына араласатын кісілер, зейнеткерлер, аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету, біз осыны жүйелеп отырып өз бағдарламамызды халыққа түсіндіру арқылы жеңіске жетеміз деген ойдамыз", - деп сөзін түйіндеді кандидат.


Тегтер: ЖамбылАхметбеков, президент, үміткер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.