"Сыртымнан шеше беретін болған ба": Бесбаев өзін Тоқаевтың штабына рұқсатсыз кіргізгендерге ашуланды

06 Мамыр, 2019 2633 0

NewsROOM+. «Мұзарт» тобының солисі Мерамбек Бесбаев БАҚ өкілдеріне өкпесін жеткізіп, сайлау кезінде өз таңдауын жасауға құқылы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz .

Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Мейрамбек Бесбаев еліміздегі саяси ахуалға байланысты Мемлекет басшысы қызметін атқарушы Тоқаевтың штабында бар деген жазба жарияланған. Мұны көрген өнер иесі ашуға булығып, әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Мен ешкімнің штабына келісім берген емеспін. Сыртымнан шеше беретін болған ба? Мен өз таңдауымды сайлау кезінде жасауға құқылымын! P.s НұрКз алдымен біліп алып жазсаңдаршы!» - деп жазды әнші.

Мейрамбек Бесбаев жазбамен бөліскеннен кейін көп ұзамай оны алып тастаған. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетін түсінбегенін жарыса жазды.

«Алдыңғы постыны неге өшірдіңіз?», «Аға Тоқаевтың штабында емес, Қосановтың штабына келіңіз! Ринат ағамызбен бірге», «Нұр отан бүкіл әншілер мен спортшыларды жұдырығында ұстап отыр», - десті.


Тегтер: МерамбекБесбаев, президент, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.