Қасиетті Рамазан айына орай арнайы тегін автобустар ұйымдастырылады

06 Мамыр, 2019 864 0

NewsROOM+. Қасиетті Рамазан айына орай мұсылман қауымына арнайы тегін автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз бөліміне сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз!

Біз мұсылман қауымының көбі тарауих-намазын мешіттерде оқитынын білеміз. Сіздерге ыңғайлы болу үшін біз тарауих-намазы аяқталғаннан кейін мешіттерден бірнеше бағытта қатынайтын тегін автобустарды ұйымдастырамыз. Қатынайтын бағыттар:

- «Әзірет Сұлтан» мешіті («Спутник» супермаркеті, т/ж вокзалы, Көктал 1, 2 т/а);

- «Нұр Астана» мешіті (Көктал 1, 2 т/а, вокзал, мед.колледжі);

- Ырыскелді қажы мешіті («Үркер» т/а);

- «С. Ғылмани» мешіті (Көктал 1 т/а, «Кирпичный» т/а»)

- «Ақмешіт» мешіті («Мастер» Т/О).

Тегтер: АстанаLRT, автобус, рамазан, тегін

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.