Қайрат Нұртас: Айта беріңдер, маған бәрібір!

10 Маусым, 2018 1154 0

Отандық әнші өзінің інісі Заңғармен шығарған ағылшын тіліндегі су жаңа әні ел арасында қызу талқыға түскен болатын. Көпшілік тіпті өлеңге клип түсіріп үлгерген ағайындылардың ағылшын тілі нашар деңгейде екенін айтып, оларды аусыз сөгіп жатты. Дегенмен, сыни пікір айтушыларға Қайрат Нұртастың айтары бар болып шықты деп хабрлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас өзін ағылшын тілінде ән орындағаны үшін сынап тастағандарға жауап берді. Ол арнайы видео түсіріп інісі екеуінің басқа тілде үлкен акцентпен ән айтқанын мазақ етіп, су жаңа туындысын аяусыз сөгіп жатқандарға тойтарыс берген. Аталмыш видео интернет кеңістігіне бірден тарап кетті.

Отандық әнші оған айтылып жатқан негативті пікірлердің барлығы мүлдем әсер етпейтінін, керісінше өзі жайлы көп айтылатыны ол үшін ұтымды екенін айтты.

"Әңгіме болып жатырма жаңа ән туралы? Бола берсін. Айта берсін, айта берсін жұрт. Маған бәрібір, тіпті көп айтқандарыңыз маған жақсы. Мен одан рахаттанамын" , - деп айтты әнші.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен інісі Заңғар екеуі ағылшын тілінде "My Universe" атты ән жазып шығарып, көпшіліктің сынына іліккен болатын.

Тегтер: ән, Қайрат, Нұртас, жұлдыз, MyUniverse, шоубизнес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.