Карантин күнделігі
Карантин күнделігі
Коронавирус әлі Қазақстанға келмей тұрып, індетке қарсы күресетін бір мемлекеттік органнан тапсырыс алғанмын. Коронавиурстың қауіпті екенін түсіндіру жұмыстары ғой сол. Індет алғаш тіркелгенде компьютерімді құшақтадым да, үйден ғашықтықтан жұмыс істеуге көштім. Жоғары жылдамдықтағы интернет қосып алып үйден жұмыс істеу, көшеге мүмкіндігінше шықпау, мүмкіндігінше онлайн тапсырыстар (тіпті кез-келген дүкенде банк картасын қабылдамайтын елде онлайн сервистер туралы айту күлкілі екенін білемін. Оған бөлек пост жазу керек шығар), қысқасы, кез-келген саналы адам істейтін тірлікті істедім.
Індет біздің қалада да тіркелді. ТЖ ғана емес, жалпы карантин болды. Соның өзінде адамдар сезінбеді. Сағаттап далада жүрді, полицияны алдауды шығарды, көшеде емін-еркін жүру үшін таксопарктерге тіркелді..
Соңында осы, 100 аса ауру.
Көрсетері әлі алда екен. Бүгіннен бастап біздің үйді карантинге жапты.
Бір айдан бері үйдегі өмірге үйреніп қалыппын. Таңғы 10-дар шамасында есікті қақты. Тұруға еріндім. Шу-шу етіп жүрді де, кетіп қалды. 12-лер шамасында тұрып, терезеден есік алдын қарасам қаптаған ақ киімді адамдар. Лента байлап жатыр. Пәтер иесі хабарласып, үйді карантинге жапқанын айтты. Көршілер хабарласыпты. Коронавирус тақырыбына контент дайындап жүрген өзімде осындай болады деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген нәрсе.
Түс ауа қоқыс толған пакетімді көтеріп түстім астына. Подъезд есігіне сыртынан тас тіреп қойған. Шыға бергенде алдымнан ақ киімді біреу шықты. Қоқысты қайда төгетінімді сұрағанымда, есік алдына қалдыруымды, өздері апарып тастайтынын айтты.
Үйге кіре салып туысқандар чатына жаздым. Бірге тұратын бөлем таңда жұмысқа кеткен. «Киімдерімнің бәрі үйде, енді неғылдым?!»,-деп ол тұр.
Қысқасы, бір күннің ішінде үйде жалғыз қалдым. Киноның бәрін бір айда тауысып тастағанмын, ойыннан да жалыға бастағанмын. Өзіме тамақ пісіруім керек (алдын сол бөлемді жегетінмін үй жұмыстарына). Ең бастысы – 14 күн үйде болу керек.
Кешке ішетін шығармын.
Мадияр МУРЗИН