Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

04 Мамыр, 2019 610 0

NewsROOM+. Тайландта аралас жекпе-жек бойынша ММА ашық Азия чемпионаты аяқталды. Біздің жауынгерлеріміз рекордтық 7 алтын, 9 күміс және 5 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.Бұл туралы hola news сілтеме жасап,newsroom.kz хабарлайды.

«Біз тағы да біздің спортшылардың әлемде, үлкен Азия құрлығындағы ең үздіктердің бірі екенін дәлелдедік!», – дейді өз қуанышын жасыра алмаған ұлттық құраманың бас бапкері Баян Жанғалов.
«Біз жаттықтырушылар штабында 6 алтын медаль алуды жоспарладық, бірақ біздің спортшылар жоспарды асыра орындады. 13 құраманың ішінде біз үшін басты қарсыласымыз, құрамында Дағыстан спортшылары бар Бахрейн командасы болды. Бірақ, олар да біздің жігіттер мен қыздардың жауынгерлік өнеріне қарсы тұра алмады», - деп пікір білдірді Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының Бас директоры Уәлихан Тен.

Кіл мықтылар қатысқан жарыста құрама сапынан алтын алғандар: 70 келі салмақта Талшын Жұматаева, 61 келі салмақта Олжас Молдағалиев, 52 келі салмақта Бағдат Жұбаныш, 47 келі салмақта Тұрсын Аян, 83 келі салмақта Мәди Досмұханбетов, 77 келі салмақта Айдын Төлепбаев, 65 келі салмақта Анатолий Золотых.


Күміс иеленгендер: 52 келі салмақта Нұржамал Садықова, 61 келі салмақта Дастан Амангелді, 47 келі салмақта Үкіліай Ахметуәлиқызы, 70 келі салмақта Антонина Котляревская, 52 келі салмақта Ерұлан Қабдұлов, 56 келі салмақта Әділхан Аязбаев, 93 келі салмақта Серік Әбіров, 70 келі салмақта Неймат Асадов, 65 келі салмақта Еламан Шалқымбеков.

Қола жүлдені қанағат тұтқандар: 56 келі салмақта Дархан Өмірбеков, 70 келі салмақта Мәжит Сардаров, 83 келі салмақта Александр Вал. 


 

Тегтер: тайланд, араласжекпе-жек, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.