Атырауда қасқыр қаптап кетті
Атырауда қасқыр қаптап кетті

"Барлық жерде де ит-құс көбейіп кетті. Аулауға заң жоқ. Қазір мылтықты рұқсат жоқ деп полиция тәркілеп алды. Мысалы, көрші Ресейде милиция келіп, өздері тіркеп заңдастырады. Бізге де сондай көмек бола ма екен?", - дейді қой фермасының меңгерушісі Амангелді ҚАБДОЛОВ.Көмек болмайды екен. Себебі заңсыз от қару ұстауға рұқсат етудің өзіндік ережесі бар. Тек биылдың өзінде Азғыр өңірінен 6 мылтық тәркіленген. Себебі құжаттары жоқ.
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау" туралы заңға сәйкес, органдарда тіркелмеген қару-жарақтар тәркіленеді. Үйінде заңсыз қару ұстаған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Атырау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.Полиция шопандарға қару иелену үшін, алдымен, құжаттарын рәсімдеуге кеңес берді. Содан кейін учаскелік инспектордың рұқсатымен ғана мылтық сатып ала алады. Ал жергілікті билік құқық қорғау органдарымен бірлесіп түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға қамданып жатыр.