Қайрат Нұртасқа есірткі тасыған қыз бар шындықты айтты
Қайрат Нұртасқа есірткі тасыған қыз бар шындықты айтты

Айтуынша, ол "Қайрат Нұртастың және өзге де тұлғалардың өтінішімен оларға есірткі сатып алуға көмектесіп отырған". "Мен сатушыдан олардың сатып алған қалташаларын алып кетіп отырдым, немесе керісінше әншілердің ақшасын сатушыға апарып беріп жүрдім. Яғни мен оларға сатып алуға көмектестім, мен есірткіні біреулерге сатумен айналыспадым",- деп жазады қолхат иесі."Есірткімен күрес бөлімінің бастығы, атын білмеймін, бірақ көздері ойнақшып тұрады, сол менен Астана қалалық Полиция департаментінде әншілер туралы айтпауымды сұрады. Менің есірткі заттарды тек қолданатынымды, ал сатумен айналыспайтыныма байланысты іс қозғамайтынын айтып алдады. Егер оларды айтсам, іс көпке созылады, қиындап кетеді. Ал қазір мені есірткі тасымалдау бойынша айыптап жатыр екен және үлкен мерзім берілуі мүмкін”, - дейді Гаухар Мұса есімді азаматша адвокатына айтқан сөздерін жариялауға рұқсат беріп.