БҚО-да бизнесменді өлтіріп кетті

08 Маусым, 2018 910 0

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында жергілікті бизнесменді өлтіріп кеткен, - деп NewsRoom+ АА baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынованың айтуынша, қаскөйлер ер адамды 7 маусымда №5 ықшамаудандағы №10 үйде пышақтап кеткен.

"Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылды, алайда ер адам олар келгенше қайтыс болды. Мәйіт құқық қорғау органдарына берілді" - деді Айнагүл Сақбосынова.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұмның қалада бірнеше валюта айырбастау орны болған.

Басылымның мәліметінше, Ақсайда 2015 жылдың қазанында валюта айырбасымен айналысатын тағы бір ер адамды өлтіріп кеткен. Алайда әлі күнге бұл қылмыс анықталған жоқ.

Тегтер: қылмыс, өлтірілді, криминал, бизнес, ақша, қасақана, пышақтау, БатысҚазақстанн

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.