Екеуі бірге ішкен: Алматыда баласы әкесіне пышақ тығып өлтірді

03 Мамыр, 2019 925 0

NewsROOM+. Алматыда ұлы туған әкесіне пышақ сұқты. Жарақат алған әкесі ауруханада көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Түрксіб ауданы Орджоникидзе көшесінің бойындағы жекеменшік үйлердің бірінде болды.

«Әкесі мен ұлы алкогольді ішімдік ішкен соң, марқұм отанасына байланысты екеуара сөзге келіп қалған. Сол сәтте баласы әкесінің кеуде тұсынан екі рет пышақ салған. Жарақат алған адам ауруханада көз жұмды. Іздестіру жұмыстарынан соң күдікті ұсталды. Ол бұрын да сотталған. Өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев. 

Тегтер: алматы, криминал, түрксіб

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.