Мадина Сәдуақасовадан жақындары неге теріс айналды?
Мадина Сәдуақасовадан жақындары неге теріс айналды?

"Қазіргі сырласым Инстаграмдағы сіздер болдыңыздар. Соңғы уақытта, өйткені менің жақындарым да, құрбыларым да менімен сөйлеспей жүр. Бірдеме дұрыс істемедім ба? Білмеймін", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.Желі қолданушылары өз кезегінде шоу-бизнес өкілінің бұл жазбасына түрлі пікір білдірді. Кейбіреулер оны барынша қолдап жатса, енді бірі оған желіде отыра бермей жақындарымен қарым-қатынасын жөндеп алуға кеңес берген.
"Әрдайым қасыңыздамын. Еш қысылмай сырыңызды айта беріңіз. Қолымыздан келгенше көмекті, кеңесті аямаймыз", "Инстаграмда отырғанша, жақындарыңмен қарым-қатынасты жөндеп алғаның дұрыс болар", "Адамда ондай уақыттар болып тұрады. Бәрі реттеледі, уайымдама", "Басына іс түскенде сөйлеседі ғой", "Бәрі өтпелі, кішкене сабыр" , "Менде де қазір сондай кезең орын алды" , - деп жазуда халық.Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова отбасында түсініксіз жағдай орын алғанын ашық мойындаған болатын. Алайда, әнші ажырасып кеткенін не растаған да, не теріске шығарған да жоқ.