Биыл мүгедектердің жағдайын жақсартуға 448 млрд теңге бөлінген
Биыл мүгедектердің жағдайын жақсартуға 448 млрд теңге бөлінген


Әкімдіктерге мүмкіндіктері шектеулі жандарды Әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы оңалту құралдарын алу дағдыларына оқытуды жандандыру, Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Жұмыспен қамту орталықтары мен ХҚКО-ларда мүгедек адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мүгедектіктің алдын алу үшін сырқаттарға диагностиканы ерте жүргізуге көңіл бөле отырып, мүгедектерге оңалту көмегін күшейту, салынып жатқан барлық оңалту орталықтарын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды primeminister.kz ресми сайты.Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне де маңызды, атқарылуы тиіс тапсырмаларды атады:
- Мүгедектікті алдын алу
- Диагностиканы ерте жүргізу
- Мүгедектерді оңалту жұмысын күшейту
- Салынып жатқан орталықтардың уақытылы берілуін қамтамасыз етуді міндеттеді.
- инклюзивті біліммен қамтуды 50% көтеруді
- педагогтарды даярлауды өзектендіру
- психологиялық-медициналық және педагогикалық комиссиялардың қызметін кеңейтуді тапсырды.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау – мемлекет баса көңіл аударатын өте маңызды мәселе. Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта құру», — деді А. Мамин.
Дайындаған: Інжу ӨМІРЗАҚ